Сиқыршылар сарайы

Сіз біздің алаңда бір ғана парақ қағаздың көмегімен классикалық үлгідегі әр түрлі мүсін түрлерін жасай аласыз. Бір мүсін бірнеше түсті бөліктердің немесе модульдардың қатысуымен жасалатын модульдық оригамидің негізімен танысасыздар. Нәтижесінде өз күрделілігімен, жасалу құрылымымен және түстердің біркелкілігімен тамсандыратын өнер туындысы болып шыға келеді.

Сонымен қатар аталмыш үйірмеде қатысушылар киімдерді түрлі-түсті страздармен әшекейлеуді үйренеді.

14 маусым 12:00 – Оригамидің сиқырлы әлемі

03 шілде 12:00 – Киімді шынылы әшекеймен сәндеу

24 шілде 13:00 – Оригамидің сиқырлы әлемі

31 шілде 13:00 – Оригамидің сиқырлы әлемі

16 тамыз 12:00 – Киімді шынылы әшекеймен сәндеу

23 тамыз 11:00 – Киімді шынылы әшекеймен сәндеу