Қазіргі таңда баланың ойлау қабілетін дамытатын, есте сақтау жұмысын жақсартатын, түрлі тапсырмалармен көмкерілген балаларға арналған көптеген танымдық, дамытушылық, көңіл көтеретін журналдар көп кездеседі. Журналдардың қызығы мен қолжетімділігі өз алдына, география, тарих, өнер және әлем әдебиетімен таныстырады. Кез келген балаларға арналған мерзімді басылым бетінде бас қатырғыштар, сөзжұмбақтар, жұмбақтар, қызықты сауалнамалар және ойындар бар.
Ай сайын шығатын әдеби-көркем, танымдық журнал. Қазақстан Республикасына кең танымал жасөспірімдерге арналған басылым. Сапалы, мағлұматқа толы танымдық материалдарымен алда келеді. Журнал беттерінде 4-8 сыныптарға арналған тұрақты түрде тест тапсырмалары беріледі. Басылымның басты ерекшелігі сонда, оқырмандарын қазақстандық балалар жазушылардың шығармашылығымен ғана сусындатып қоймай, жас буынның өз шығармаларымен де бөліседі. Олардың қазіргі заманға деген көзқарасы барша жасөспірімдерге, қатарластарына және ата-аналарына түсінікті және қызықты.
Ұлан – балалардың ой-өрісін арттыруға арналған газет. Газет 1930 жылдың наурызынан шыға бастады.
Кішкентай және орта жастағы балаларға арналған. Өз оқырманын сүйіспеншілік-
пен мойындата білді. Мұнда жарияланатын өлеңдер мен суреттер ой салады, жақсы мен жаманның аражігін ажыратуды үйретеді. Оқырманы журналдың әр санынан көптеген қажетті материалдарды өздері және ата-аналары арқылы оқып біле алады. «Балдырған» журналы – әр нәрсеге әуес, жан-жақты, білуге құштар балаларға арналған. Бүкіл отбасы оқитын басылым.
«Айгөлек» журналы
Бұл басылым мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың зияткерлік дамуына көп үлес қосуда. Атам заманнан келе жатқан ұрпақ тәрбиесін ескере отырып, фольклордан сусындатуға болатын әртүрлі танымдық материалдарды жариялайды.
«Ұлылар ұлағаты» және «Өлді деуге бола ма?» атты тұрақты айдарларында ірі тұлғалар, ғалымдар, халық қаһармандары туралы естелік, әңгіме, сұхбаттар беріледі. «Оқушылар қаламынан» атты айдарда мектеп оқушысының қаламынан шыққан суреттер, жазған әңгімелері, құрастырған тақпақтары басылып шығады. «Мұғалімдер мен ата-аналар үшін» айдарында өзін-өзі тану сабағына қатысты материалдар беріледі. Адамгершілікке, жақсылыққа шақыра отырып, өзін-өзі тануға, дамытуға байланысты жұмыстарды қалай жүргізу керек екенін үйретеді.
Балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған ай сайын шығатын әдеби-көркем журнал. Ол алдымен, орта жастағы және жоғары сынып балаларына бағытталған. Журналда тарихи, ғылыми-көпшілік материалдар және жасөспірімдердің ойлау жүйесін дамытатын, көзқарастарын кеңейтетін тәрбиелік мәндегі мақалалар жарияланады. Өмірде сақтыққа, әр қадамды ойланып басуға тәрбиелейді. Сонымен қатар журнал беттерінен жас буынның өз өлеңдері мен әңгімелерін оқуға болады.
«Кімнен үйренеміз, неден жиренеміз?» атты тұрақты айдар мектеп оқушыларын инновацияға талпындырып, зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағыттап, жастар арасында бір жаңалық ашып, жаңа туындыны жасап, айналасындағы жасөспірімдерге үлгі өнеге болып жүрген жас өнертапқыштадың, суретшілердің жұмыстары жайлы сұхбаттар жарық көреді. «ЭКСПО-2017» айдарында Астана қаласында өтіп жатқан халықаралық көрме жаңалықтары туралы материалдар жарияланады.
«Бала би» журналы
Бала би – тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін қадірлейтін балалардың журналы. 2001 жылдың желтоқсан айынан бастап шығады.
1 - 6
<
>